Жеке шотыңызға кіріңіз

«FREEDOM PAY LIGHT» платформасына Клиенттердің қосылуы туралы жария оферта

1. «Freedom Pay» ЖШС Клиенттерді «FREEDOM PAY LIGHT» Платформасына қосу кезінде Клиентке ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсету мақсатында осы Жария офертаны (бұдан әрі мәтін бойынша «Оферта») орналастырады.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі — ҚР АК) 395-бабына сәйкес, осы оферта «Freedom Pay» ЖШС-нің (бұдан әрі мәтін бойынша «Сервис Провайдері») Клиенттерге өз тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін өткізу мақсатында оларды төлем және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер кешенін ұсынатын «FREEDOM PAY LIGHT» Платформасына қосылу туралы ресми, жария ұсынысы болып табылады.

3.Оферттің акцепті Клиенттің осы Офертаның барлық ережелерін қабылдайтынын, олармен келісетінін және оларды сақтауға міндеттенетінін білдіреді. Клиент осы Офертаны акцептеген сәттен бастап осы Оферта Платформа Провайдері мен Клиент арасында осы Офертада белгіленген талаптар негізінде жасалған шарт болып саналады.
1. Терминдер мен анықтамалар
1.1. Платформа «FREEDOM PAY LIGHT» (бұдан әрі мәтін бойынша «Платформа») — заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді өз тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін өткізу мақсатында төлем және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер кешенін ұсынатын сервис. Платформа freedompay.kz/smallbusiness сайт бетінде орналастырылған, оны орналастыру құқығы сайт иесі мен Платформа Провайдері арасындағы келісіммен бекітілген. Платформа Клиентке нақты уақыт режимінде Серіктестердің төлем және өзге де қызметтерінің кешенін «бір терезе қағидаты» бойынша алуға мүмкіндік беретін біртұтас кеңістік болып табылады.

1.2. Платформа Провайдері/Провайдер/Төлем ұйымы — «Freedom Pay» ЖШС, «FREEDOM PAY LIGHT» Платформасының басты интеграциялық серіктесі болып табылатын, Провайдер, Серіктес және Клиент арасында технологиялық, ақпараттық және аналитикалық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, соңғысына белгіленген қосылу қадамдарынан өту арқылы нақты уақыт режимінде Платформа қызметтеріне қосылуға және Платформаның әртүрлі Серіктестерінен қызметтер кешенін алуға мүмкіндік беретін заңды тұлға. Платформа Клиенттеріне (интернет-эквайринг) төлем қызметтерін көрсетуге байланысты «Freedom Pay» ЖШС Клиенттердің интернетте тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді өткізуі үшін олардың пайдасына төлемдерді қабылдау және жүргізу жөніндегі қызметтер аясында төлем ұйымы болып табылады.

1.3. Платформада ұсынылған қызметтер:
1) интернет-эквайринг — ақпараттық технологиялар мен электрондық құралдарға және төлем жүргізу тәсілдеріне негізделген төлем жүйелері арқылы Клиенттің пайдасына тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер мен есеп айырысуларды қабылдау және жүргізу қызметтері;
2) «ReKassa» онлайн-кассасы (сатылымды автоматты есепке алу және салықтарды есепке алу);
3) онлайн-бөліп төлеу — сатып алушыға тауар немесе қызметтің құнын тең уақыт аралықтары арқылы бірнеше тең төлемге бөлуге мүмкіндік беретін өнім мен төлем тәсілі;
4) Freedom POS (бұдан әрі мәтін бойынша «Freedom POS») — төлем карталарымен төлемді қабылдауға мүмкіндік беретін электрондық терминал.
Түсінік үшін, осы тармақта көрсетілген қызметтер, электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдау мен жүргізуді қоса алғанда, Клиенттердің пайдасына төлемдерді қабылдау және жүргізу қызметтерін қоспағанда, Платформаның Серіктестерімен дербес көрсетіледі. Осы қызметтерді көрсету құқығы Провайдерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген төлем қызметтерін көрсетуге есептік тіркеу (№ 02−23−153, 10.03.2023ж., www.nationalbank.kz/ru/news/uchetnaya-registraciya-platezhnoy-organizacii) болуына байланысты берілген.

1.4. Платформаның Серіктестері - сервисте өз қызметтерін орналастыратын заңды тұлғалар:
1) «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ (Банк-Серіктес) — есеп айырысу шотын ашу және «Freedom Pos» терминалдарын және басқа өнімдерді ұсыну қызметтері;
2) «COMRUN» ЖШС — «ReKassa» онлайн-кассасы қызметтері және басқа қызметтер;
3) «Фридом Финанс Кредит» МҚҰ ЖШС — онлайн-бөліп төлеу және кредиттеу қызметтері;
4) «Freedom Pay» ЖШС — электрондық ақшаны өткізу (тарату) қызметтері; электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу қызметтері; клиент электрондық нысанда бастамашылық еткен төлемдерді өңдеу және осы төлемдер бойынша төлем және (немесе) аударым жүзеге асыру немесе ақша қабылдау үшін банкке, жекелеген банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпаратты беру қызметтері.
Түсіндіру мақсатында, Платформаның Серіктестері жоғарыда аталған қызметтерді дербес көрсетеді, қызметтер көлемі, сыйақы мөлшерлемелері, құқықтар мен міндеттер және өзге де қосымша талаптарды Серіктестер жоғарыда аталған қызметтерге қосылу мүмкіндігін беретін құжаттар негізінде дербес белгілейді. Платформа технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және қолжетімділік пен өзара іс-қимыл операторы ретінде әрекет ету арқылы Клиенттің Серіктестердің жоғарыда аталған қызметтерімен «бір терезе» қағидаты бойынша интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1.5. Жеке кабинет — тек Платформаға қосылған Клиенттерге ұсынылатын Платформаның арнайы бөлімі. Жеке кабинетте Клиент қосылған қызметтердің спектрін, аналитикалық ақпаратты (төлемдер статистикасы, айналымдар), төлемдер тізілімдерін және қызметтер бойынша өзге де қосымша ақпаратты көре алады.

1.6. Автоонбординг — «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау мақсатында Платформаның Серіктестері жүзеге асыратын Клиентті тексерудің кешенді әдісі.

1.7. Клиент — осы Офертаны акцептеу арқылы Платформаға қосылған, интернетте тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді өткізетін, Платформаның төлем және/немесе банктік және өзге де құралдарын пайдаланатын заңды тұлға, жеке кәсіпкер.

1.8. Өтінім — Клиент Сервис қызметтеріне қосылу мақсатында толтыратын нысан.
2. Оферта нысаны
2.1. Провайдер осы Оферта аясында Клиентке Провайдерден де, Платформаның Серіктестерінен де ұсынылған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Платформаға қолжетімділік береді.

2.2. Платформаға және Платформа Серіктестерінің қызметтеріне қолжетімділік алу үшін Клиент осы Офертаның 3-бөлімінде көрсетілген Клиентті қосу (тіркеу) рәсімінен өту арқылы осы Офертаны акцептейді.

2.3. Акцептеу тәртібі - Провайдердің ұсынысы Клиенттің Платформада тіркеуден өткен сәтінен бастап қабылданды деп саналады. Осы Оферта Платформа Провайдері мен Клиент арасында осы шартта белгіленген талаптарда жасалған шарт болып танылады.

2.4. Осы Офертаны акцептей отырып, Клиент мыналарды қабылдайды және мойындайды:
— осы Офертаның барлық талаптарымен танысқанын және оларды кез келген алып тастаусыз және шектеусіз толық көлемде қабылдайтынын, оларды сақтауға міндеттенетінін;
— өзінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ осы Офертаны акцептеу нәтижесінде өзіне жүктелетін міндеттемелер үшін жауапкершілікті түсінетінін растайды;
— Клиентті Платформаға қосу және Провайдер мен оның Серіктестерінің Платформа аясында қызметтер көрсетуін одан әрі жалғастыру шеңберінде Провайдердің дербес деректерін және Клиент ұсынған өзге ақпаратты жинауы мен өңдеуіне келісім береді.

2.5. Провайдер Оферта жасау туралы ұсынысын кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылы, бірақ бұл орындауға қабылданған қызметтер бойынша, оның ішінде төлем қызметтерін көрсету бойынша Провайдердің міндеттемелерінен бас тартуға негіз болмайды.

2.6. Платформаға әрбір қол жеткізу және/немесе оны нақты пайдалану, қызметтерді алу кезінде Клиент Платформаны нақты пайдалану және/немесе Қызметтерді алу сәтінде қолданыста болған редакциядағы осы Офертаның ережелерімен келіседі.

2.7. Платформа Серіктестердің жаңа қызметтерімен толықтырылуы мүмкін, бұл туралы ақпарат жаңа қызметтер қосылған сайын жаңартылатын осы Офертаға тиісті № 1 қосымшада көрсетіледі.
Арнайы шарттар: Клиент осы офертаның талаптарын қабылдай отырып, Платформада ұсынылған қызметтердің Серіктестермен толық көлемде дербес көрсетілетінін толық түсінеді. Провайдер Платформа иесі ретінде көрсетілетін қызметтердің көлеміне, құнына әсер етпейді, оның ішінде осы қызметтердің сапасы/нәтижелері/кешігуі/орындалмауы/тиісінше орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді. Көрсетілетін қызметтер бөлігінде кез келген талап-шағымдар туындаған жағдайда Клиент дербес тікелей Серіктестерге жүгінеді.

2.8. Осы Оферта Провайдермен біржақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Провайдер осы Офертаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы Клиентке олар күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын осы өзгерістер және/немесе толықтыруларды Платформа сайтында жариялау арқылы хабарлайды.

2.9. Осы Офертаны қабылдай отырып, Клиент Жеке кабинетте хабарламалар жіберу арқылы Провайдер Платформасынан сервистер, ұсыныстар, қызметтер, акциялар, өнімдер туралы, сондай-ақ сервистерді және/немесе қызметтерді өзгерту немесе алып тастау туралы материалдар мен ақпарат алуға келісімін білдіреді.

2.10. Клиент Платформаның, Жеке кабинеттің немесе Платформаның жекелеген функцияларының техникалық сипаттағы себептерге байланысты (Платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сайтта, бағдарламалық-аппараттық құралдарда жоспарлы алдын алу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуді басқа серверге жаңарту немесе көшіру, авариялар мен олардың салдарын жою, интернет желісінің жұмысындағы бұзушылықтар, оның ішінде интернет желісінің жекелеген фрагменттерінің қолжетімсіздігі және т.б.) уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенімен келіседі.

2.11. Клиент Платформа арқылы қызметтер алу мақсатында осы Офертаның талаптарын қабылдау және орындау үшін барлық қажетті құқықтарға, өкілеттіктерге, рұқсаттарға ие екеніне кепілдік береді.
3. Клиентті қосу тәртібі
3.1. 1-қадам. Қосылуға өтінім

Клиент Оферта талаптарын қабылдағаннан кейін тиісті өрістерде барлық қажетті ақпаратты көрсете отырып, Платформаға қосылуға арналған Өтінімді толтырады. Осымен Клиент Платформаға қосылу шеңберінде өзі туралы берілетін ақпарат үшін толық тікелей жауапкершілік алады. Осы Офертаны акцептей отырып, Клиент ҚР аумағында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға және/немесе жеке кәсіпкер екенін растайды.

3.1.1. Осы Офертаны акцептеу Клиентке Платформаға қосылуға және одан әрі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3.1.2. Клиенттің Өтінімі Провайдердің жүйесінде өңделеді, кейін Клиент көрсеткен электрондық поштаға жауап хатпен қызметтері бар Платформаға тиісті сілтеме жіберіледі.

Осы Офертаны акцептей отырып, Клиент Клиенттің таңдаған қызметтеріне қосылу, қызметтер туралы қосымша ақпарат алу мақсатында Провайдердің Өтінімде көрсетілген Клиент туралы ақпаратты Платформаның Серіктестеріне өңдеуіне және беруіне толық тікелей келісім береді. Клиент туралы ақпаратты беру және одан әрі қосу Провайдердің Платформасы мен Серіктестің жүйесі арасындағы Клиент туралы, қызметтерге қосу/қосудан бас тарту нәтижелері туралы, Серіктестер жүргізетін Клиенттің қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы, Клиенттің сайты туралы, ол өткізетін тауарлар/жұмыстар/қызметтер туралы және басқа қажетті ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл (техникалық қосылу) (API-арна) арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдерде дербес деректер қамтылған жағдайда, Провайдер дербес деректерді жинауға және өңдеуге тиісті келісім алу арқылы https://freedompay.kz/largebusiness/privacy_policy мекенжайы бойынша орналасқан Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау саясатына сәйкес осындай деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Провайдер Клиент орналастырған дербес деректердің дұрыстығын, дәлдігін және өзектілігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік көтермейді. Пайдаланушыдан алынған барлық дербес деректер алынған түрінде өңделеді.

3.2. 2-қадам. Клиент үшін есеп айырысу шотын ашу

3.2.1. Провайдер Клиентке Платформада тіркелу кезінде Платформаның Банк-Серіктесі ұсынатын есеп айырысу шотын ашу қызметін алу мүмкіндігін береді.

3.2.2. Егер Клиент есеп айырысу шотын ашу бойынша келесі қадамдарды жалғастырса, Провайдер Банк-Серіктес есеп айырысу шотын ашу шеңберінде беретін деректерді толтыруға арналған жаңа өрісті ашады. Провайдер Банк-Серіктеске Клиентті есеп айырысу шотын ашу қызметіне қосу қажеттілігі туралы ақпаратты байланыс арналары арқылы береді. Провайдерден ақпарат алған Банк-Серіктес есеп айырысу шотын ашу қызметін тиісінше ұсыну үшін қажетті рәсімдік әрекеттерді жүргізеді. Клиент Банк-Серіктестің технологиялық ресурсына бағытталады, онда Клиент нақты уақыт режимінде қажетті құжаттарды толтырады және Автоонбординг рәсімдерінен өтеді. Есеп айырысу шотын ашу (пайдалану) үшін Клиенттен алынатын кез келген комиссиялар (сыйақылар) Банк-Серіктестің комиссиясы (сыйақысы) болып табылады және оған тікелей төленеді және Банк-Серіктестің өз құжаттамасымен реттеледі.

3.3. 3-қадам. Клиенттің Автоонбордингі

3.3.1. Серіктестердің қызметтеріне қосылатын Платформа Клиенттері Серіктестердің, оның ішінде Провайдердің (төлем қызметтерін көрсету кезінде) Клиенттерді әртүрлі сервистерді пайдалана отырып Клиентті кешенді тексеруді білдіретін Автоонбординг тексеру рәсімін жүргізгеннен кейін ғана қосатынын толық көлемде қабылдауы тиіс. Серіктестер осы рәсімді «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, сондай-ақ клиенттерді тексерудің ішкі рәсімдері шеңберінде қаржы мониторингі субъектісі ретінде жүргізеді.

3.3.2. Автоонбординг нәтижелері бойынша Банк-Серіктес Клиентке есеп айырысу шотын ашу қызметін ұсынудан бас тартуға құқылы, бұл туралы Провайдерге ақпарат жіберіледі. Өз кезегінде Сервис Провайдері тексеру нәтижелеріне ешбір түрде әсер етпейді. Бұл ретте жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Провайдер Клиентке Сервистің басқа қызметтерін одан әрі ұсынудан бас тартуға құқылы.

3.4. 4-қадам. Қосылу нәтижелері

Оң қорытынды болған жағдайда (тексеру рәсімінен кейін) Банк-Серіктес Провайдерге Клиент туралы тиісті мәртебесі бар ақпаратты жібереді.

3.4.1. Шот сәтті ашылғаннан кейін Клиент ашылған шоттың деректемелерін, сондай-ақ Серіктестерден қызметтерді одан әрі таңдау мүмкіндігі бар Жеке кабинетке қосымша қолжетімділікті алады.

3.4.2. Сервис Провайдері Клиент таңдаған қызметтерді бір терезеде қорытады, онда қызметтер мен өзге де қосымша шарттар көрсетіледі.
4. Сервис Серіктестерінің қызметтері 
4.1. Клиент таңдаған Платформа Серіктестерінің қызметтері Клиенттің Жеке кабинетінде көрсетіледі.

4.2. Клиент Офертаның 3-бөлімінде белгіленген тіркеу қадамдарынан өткеннен кейін Серіктестердің қызметтеріне қол жеткізеді.

4.3. Клиент бір мезгілде Серіктестердің бірнеше қызметін таңдай алады, бұл ретте Провайдер Клиенттің таңдалған Серіктестің техникалық ресурстарына өтуін қамтамасыз етеді және Клиентке қажетті ақпарат пен ілеспе әрекеттерді толық көрсетеді.

4.4. Серіктестердің қызметтері сәтті қосылған кезде Клиентке тиісті мәртебе көрсетіледі, ал Серіктестерден қосылған қызметтер туралы ақпарат тікелей Клиенттің Жеке кабинетінде көрсетіледі.

4.5. Тікелей Провайдер ұсынатын қызметтер бөлігінде:

Клиент интернет-эквайринг қызметтерін таңдаған кезде Провайдер Клиентке «Freedom Pay» төлемдерді қабылдау және жүргізу жүйесіне қосылуға арналған Анкетаны (бұдан әрі мәтін бойынша «Анкета») көрсетеді. Бұл қызметке мыналар кіреді:

1. ақпараттық технологиялар мен электрондық құралдарға және төлем жүргізу тәсілдеріне негізделген төлем жүйелері арқылы Клиенттің пайдасына тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер мен есеп айырысуларды қабылдау және жүргізу қызметтері;

2. төлем жүйесінің қатысушыларына, осы процессингтік, клирингтік орталықтың, оның ішінде төлемдер шеңберінде үшінші тұлғалардың төлемдері мен есеп айырысулары бойынша қаржылық ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру (процессинг, клиринг) қызметтері.

3. электрондық ақшаны өткізу (тарату) қызметтері;

4. электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу қызметтері.

Анкетада көрсетілген деректерді толтыруды бастамас бұрын Клиент төлемдерді қабылдау және жүргізу жөніндегі қосылу шартының талаптарымен танысады. Интернет-эквайринг қызметін пайдалануды бастамас бұрын Клиент freedompay.kz/largebusiness/public_offer_services мекенжайында орналасқан, тиісті төлем қызметтерін көрсету тәртібін реттейтін және осы Офертаның ажырамас бөлігі болып табылатын «Freedom Pay» жүйесіне қосылу шартының талаптарымен танысуға және оларды қабылдауға міндетті. Осы тармақта көрсетілген қызметтер «Freedom Pay» ЖШС Провайдерімен төлем ұйымы мәртебесінде көрсетіледі.

Анкетада Клиент барлық қажетті өрістерді толық толтырады, содан кейін Анкета Клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі «ЭЦҚ») пайдалана отырып қол қоюға жатады. Қол қою мақсатында Клиенттің атқарушы органы басшысының ЭЦҚ-сы пайдаланылады. ЭЦҚ арқылы қол қою Egov mobile қосымшасын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Анкетаға қол қою арқылы Клиент «Freedom Pay» ЖШС төлем ұйымының «Freedom Pay» жүйесіне қосылу шартының талаптарын сөзсіз қабылдайды. Клиент осы Офертаның 3.3-тармақшасына сәйкес Автоонбординг рәсімінен де өтеді.

5. Анкетаға сәтті қол қойылғаннан кейін Провайдер Клиенттің пайдасына төлемдерді қабылдау мен жүргізуді жүзеге асыру үшін терминалдарды орнату бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Клиент пен Провайдер арасындағы жоғарыда көрсетілген шеңберде өзара іс-қимылдың барлық кейінгі қадамдары Провайдер тарапынан жауапты тұлғалармен жүзеге асырылады.
5. Провайдер мен Клиенттің құқықтары, міндеттері 
5.1. Платформа аясындағы Провайдердің құқықтары

5.1.1. Платформаға қосылу талаптарына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу/Серіктестердің қызметтерін алу үшін тіркеу қадамдарын өзгерту және/немесе тікелей Провайдер көрсететін қызметтерге өзгерту енгізу немесе оларды біржақты тәртіппен алып тастау. Енгізілетін өзгерістер туралы Провайдер Клиентке өзгерістер туралы ақпаратты, өзгерістердің өзін және/немесе жаңа құжаттарды Платформада жариялау арқылы хабарлайды.

5.1.2. Клиент Оферта талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ескертусіз Платформаға қолжетімділікті беруді тоқтату.

5.1.3. Клиенттерді Платформаға қосу және Серіктестердің қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі үшін абоненттік төлемді белгілеу/өзгерту. Абоненттік төлем мөлшері мен төлеу тәсілдері қосылу фактісі бойынша осы Офертаға тиісті қосымшада қосымша көрсетіледі.

5.1.4. Клиенттерге абоненттік төлем тарифтері мен төлем шарттары туралы хабарлау.

5.1.5. Қажетті жоспарлы алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ авариялық жағдайларда жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу үшін Платформаның жұмысын тоқтата тұру. Жүргізілетін жоспарлы жұмыстар туралы ақпарат Платформа сайтында жарияланады.

5.1.6. Платформаның мазмұнын, функционалдық мүмкіндіктерін және пайдаланушы интерфейсін кез келген уақытта өз қалауы бойынша жаңарту.

5.1.7. Платформаның тиісті жұмысы үшін өз қалауы бойынша үшінші тұлғаларды тарту, сондай-ақ Үшінші тарап сервистерін пайдалану.

5.2. Провайдердің міндеттері

5.2.1. Платформаның тиісті жұмысын қамтамасыз ету.

5.2.2. Платформаға техникалық қолдау көрсету.

5.2.3. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда Платформаның жұмысқа қабілеттілігін барынша қысқа мерзімде қалпына келтіру.

5.2.4. Платформада жүргізілетін жоспарлы жұмыстар туралы Клиенттерге хабарлау.

5.3. Провайдер жауапкершілік көтермейді

5.3.1. Клиенттің кінәсінен немесе абайсыздығынан үшінші тұлғалардың есептік деректерге қол жеткізуі және мұндай қолжетімділіктің салдары үшін.

5.3.2. Клиенттің өз есептік деректерін жария етуі салдарынан Клиентке келтірілген кез келген түрдегі залал үшін, Клиенттің Оферта талаптарын орындамауы салдарынан келтірілген залал үшін.

5.3.3. Платформа шеңберінде қызметтер көрсететін Серіктестердің кез келген сервистерінің дұрыс жұмыс істемеуі үшін.

5.3.4. Үшінші тұлғалар қолдау көрсететін Платформаның жекелеген бөліктерінің үздіксіз жұмысы үшін.

5.3.5. Клиенттің бағдарламалық құралдарының жұмысқа қабілеттілігі үшін.

5.4. Клиент міндеттенеді

5.4.1. Желілік қауіпсіздікті бұзуға немесе бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмысын бұзуға бағытталған әрекеттер жасамауға.

5.4.2. Платформа арқылы алынатын қызметтерді тек өзінің мәлімделген қызметі үшін ғана қолдануға.

5.4.3. Провайдердің/Платформа Серіктестерінің қызметтерін мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына қайшы келетін ақпаратты таратуға пайдаланбауға.

5.4.4. Тіркеуден өтуге, дұрыс тіркеу деректерін көрсетуге, оларды уақтылы жаңартып отыруға.

5.4.5. Абоненттік төлемді тиісті түрде төлеуге.

5.4.6. Платформаны Шарттың талаптарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға, сондай-ақ мынадай әрекеттерді жасамауға: таралуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты жариялау, беру, заңсыз алынған ақпаратты беру, вирустар немесе басқа зиянды компоненттерді қамтитын кез келген ақпаратты беру, Шарт бұзылған немесе тоқтатыла тұрған кезде ақпарат беру.

5.4.7. Клиенттің кінәсінен немесе абайсыздығынан оның сәйкестендіру параметрлеріне немесе ресурстарына қол жеткізген үшінші тұлғалар келтірген кез келген түрдегі залал үшін жауапкершілікті Провайдерге аудармауға.

5.4.8. Өзінің есептік деректерінің құпиялылығын сақтауға және оларды жоғалтудан, ұрланудан, бүлінуден қорғауға бағытталған шаралар қабылдауға.

5.4.9. Платформаға/Жеке кабинетке қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда Платформаның жауапты тұлғаларына хабарлауға.

5.4.10. Платформаның жүйелеріне, деректеріне, бағдарламалық кодына және басқа компоненттеріне рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған әрекеттер жасамауға.

5.4.11. Провайдердің сұрауы бойынша өз тарапынан жүзеге асырылған операцияларға немесе әрекеттерге ішкі тексеру жүргізу үшін қажетті растайтын құжаттар мен өзге ақпаратты ұсынуға.

5.5. Клиент құқылы

5.5.1. Платформада тіркеу рәсімінен өту арқылы Платформаға қол жеткізуге.
6. Тараптардың жауапкершілігі 
6.1. Осы Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

6.2. Осымен Платформа Клиент осы Офертаның талаптарын акцептеген сәтке қарай болған түрі мен жай-күйінде «болғанындай» талаптарда ұсынылады. Платформа әртүрлі техникалық қуаттар негізінде құрылған, сондықтан Провайдер Платформаның үздіксіз жұмысына, сондай-ақ техникалық қателердің, жұмыс үзілістерінің пайда болу мүмкіндігіне кепілдік бермейді. Мұндай қателердің/үзілістердің болуы Провайдер тарапынан қызметтерді тиісінше көрсетпеу болып табылмайды және Клиенттердің жалпы залалдарды өтеу туралы талап қоюына негіз бола алмайды.

6.3. Провайдер Платформаның өзінің де, Серіктестердің сервистерінің/техникалық ресурстарының да дұрыс жұмыс істемеуі нәтижесінде Клиентке келтірілген залал үшін жауапкершілік көтермейді. Тараптар Провайдердің Серіктестердің сервистерінің жұмысын бақылай алмайтынын және олардың дұрыс жұмыс істемеуінің барлық салдарын уақтылы болдырмай алмайтынын мойындайды, осыған байланысты Клиент Провайдерге залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы емес.

6.4. Провайдер Платформаның Серіктестері ұсынатын қызметтердің көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік көтермейді. Серіктестердің қызметтерді тиісінше/уақтылы көрсетпеуіне байланысты кез келген талап-шағымдар тікелей Серіктестерге жолдануы және бағытталуы тиіс.

6.5. Клиентке Платформаны және оның құрамдас бөліктерін көшіруге, қайта өңдеуге, өзгертуге, қандай да бір тәсілмен техникалық талаптарды (шектеулерді) айналып өтуге, рұқсатсыз қол жеткізуге әрекеттер жасауға және үшінші тарап бағдарламалық-техникалық құралдарын тиісті рұқсаттарсыз пайдалану, заңсыз тарату бөлігінде ҚР заңнамасының талаптарына тікелей қайшы келетін өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.
7. Платформаның техникалық қолдауы
7.1. Техникалық қолдау осы Шарттың қолданылу мерзімі бойы Провайдермен жүзеге асырылады. Клиент мәселені тұжырымдап, Провайдердің info@freedompay.kz электрондық мекенжайына өтінім жібереді.

7.2. Провайдер өтінімді алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Клиентке электрондық пошта арқылы өтінімнің орындауға қабылданғаны және оны шешу мерзімдері туралы хабарлама жібереді.
8.Форс-мажор

8.1. Егер осы Оферта аясындағы міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамау Тарап ақылға қонымды шаралармен болжай және болдырмай алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар, дүлей апаттар, өрттер, жер сілкінулері, соғыс қимылдары, ереуілдер және т.б. еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

8.2. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауына байланысты өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда Тарап екінші Тарапқа осы мән-жайлардың туындағаны, олардың болжамды қолданылу және тоқтатылу мерзімі туралы дереу хабарлауға міндетті.

8.3. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары және/немесе олардың салдары 2 (екі) айдан астам уақыт бойы жалғасса, Тараптар тиісті шараларды қабылдау немесе осы Келісімді бұзу туралы шешім қабылдау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді.

9. Құпиялылық 

9.1. Тараптар қызметтер көрсету кезінде алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

9.2. Шарттың жасалу фактісі мен шарт нысаны құпия ақпарат болып табылмайды.

9.3. Шартта құпия ақпарат деп жалпыға қолжетімді болып табылмайтын мәліметтер, операциялар көлемі, Тараптардың тарифтік және баға саясаты туралы ақпарат түсініледі.

9.4. Құпия ақпарат үшінші тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғана берілуі мүмкін.

10. Офертаның қолданылу мерзімі және талаптарын өзгерту 
10.1. Осы Оферта Клиент оны акцептеген сәттен бастап Шарт болып табылады және мерзімсіз қолданылады.

10.2. Осы Шарттың талаптарымен келіспейтін Клиент оны бұзу туралы болжамды бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын info@freedompay.kz электрондық пошта мекенжайына Провайдердің мекенжайына тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы бұзуға құқылы.

10.3. Клиент пен Провайдер арасында Платформа шеңберінде қызметтер көрсетуді тоқтату Клиентке Платформаның Серіктестерінен қосылған қызметтерді, оның ішінде Провайдердің өзі көрсететін төлем қызметтерін ұсынуды тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

10.4. Шарт тоқтатылған кезде, оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған кезде де, Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін осы Шарт өз күшін сақтайды.

10.5. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші Тарапқа бере алмайды.
11. Өзге де талаптар 
11.1. Тараптар осымен Провайдердің немесе Платформа Серіктестерінің құжаттарына қол қою мақсатында Клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі ЭЦҚ) (егер заңды тұлға болса — атқарушы орган басшысының ЭЦҚ-сы, егер ЖК болса — тікелей жеке тұлғаның ЭЦҚ-сы) пайдалану мүмкіндігін белгіледі.

11.2. Тараптар ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған құжаттардың заңды күшін мойындайды. ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылатын құжаттар қолмен қойылған қолтаңбамен қол қойылған қағаз жеткізгіштегі құжаттарға теңестіріледі деп есептеледі.

11.3. Тиісті тараптың ЭЦҚ-сын пайдалана отырып жасалған барлық әрекеттер, өзгесі дәлелденбесе, осы тарап жасаған әрекеттер болып саналады.

11.4. Осы Офертаның талаптарын қабылдай отырып, Клиент берілген электрондық пошта мекенжайлары бойынша Платформа мен оның қызметтері туралы ақпараттық таратылым алуға келісім береді.

11.5. Талап-шағымдар, ұсыныстар және өзге де қосымша ақпарат Провайдердің электрондық поштасына қабылданады: info@freedompay.kz.

11.6. Тараптар арасында шартты орындау шеңберінде туындайтын барлық келіспеушіліктер мен даулар Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі. Тараптар даулы мәселелер бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, шарттан немесе онымен байланысты туындайтын, оның ішінде оны орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыз деп тануға қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотында шешілуге жатады.
«FREEDOM PAY LIGHT» платформасына Клиенттердің 
қосылуы туралы жария офертаға №1 қосымша 
Серіктестер туралы қосымша ақпарат:
Ресми сайт: __________________________________ 
Байланыстар: __________________________________________ 
Лицензиялар мен рұқсаттарға сілтемелер: ____________________ 
Деректемелер: ___________________________________________ 
Электрондық пошта: ____________________________________ 
Біз cookie-файлдарын қолданамыз
Жарайды
Шағын бизнес
New
Ірі бизнес
Табылған қауіпсіздік мәселелері туралы хабарлаңыз
Контактілер
Қазақстан, Алматы қаласы, 050000, БЦ Кайсар Плаза, Желтоксан 115, 2 қабат
Жұмыс кестесі: 10:00 - 19:00 (GMT+5)
© 2026 Freedom Pay
Ұйым PCI DSS стандартының талаптарына сәйкес келеді
Төлем ұйымының тіркеу нөмірі № 02-23-153.