1.1. Осы Офертада көзделген конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы осы Офертаға қосылу арқылы клиентпен жасалатын осы Шарттың мәні ЭАЖ операторының Клиентке соңғы электрондық ақшаны сату және шарт шеңберінде ЭАЖ пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуі болып табылады.
1.2. Оператордың шарт бойынша тиісті қызмет көрсету мақсатында Клиент электрондық әмиянның теңгерімін толықтыруды жүзеге асырады және олармен ЭАЖ шеңберінде мынадай талаптарға сәйкес операциялар жүргізеді:
1.2.1. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
1.2.2. Оңайлатылған сәйкестендірілген электрондық ақша иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
1.2.3. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесінің - жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшеріне тең сомадан аспайды.
1.2.4. Оңайлатылған сәйкестендірілген электрондық ақша иесінің - жеке тұлғаның электрондық әмиянында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
1.2.5. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесінің - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаны пайдалана отырып төленетін төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
1.2.6. Электрондық ақшаның оңайлатылған сәйкестендірілген иесінің - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаны пайдалана отырып төленетін төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы электрондық ақшаның сәйкестендірілген не оңайлатылған сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
1.2.7. Электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген электрондық ақша иесінің пайдасына, сондай - ақ оларды банктік шотқа немесе электрондық ақша иесінің-жеке тұлғаның электрондық төлем құралына банк шотының немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілігі туралы растаманы алмай аудару жолымен өтеуді жүзеге асыруға тыйым салынады.
1.3. Клиентке осы Офертада қызмет көрсету нәтижесі:
1.3.1. клиенттің пайдасына Банктің электрондық ақшаны шығаруы және сатуы;
1.3.2. клиенттің электрондық ақшаны пайдалануы;
1.3.3. электрондық ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастау және/немесе клиенттің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өтеу;
1.3.4. Клиентке қызмет көрсетудің нәтижесі Банктің клиенттің пайдасына электрондық ақша шығаруы және олардың оператордың ДК-дегі клиенттің электрондық әмиянының балансында көрсетілуі болып табылады (қызмет көрсеткені үшін Банкке және операторға тиесілі комиссияны шегергенде (оны алған жағдайда).